03.06.2024, 12:10 36386

Антикор Алматының полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізеді

Әлеуметтік желіде шыққан жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтар тұрғысынан әлеуметтік желілерге, ақпараттық арналар мен мессенджерлерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Ақпаратты жүйелі талдаудың арқасында әртүрлі сипаттағы жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталады. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге және қызметтің түрлі салаларындағы жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Мысалы, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны