23.10.2023, 17:13 27931

Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

Ол лауазым өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген
Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады
Сурет: Depositphotos
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М.Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды", - делінген агенттік хабарламасында.


21 қазанда агенттік бұрынғы әділет министрі "лауазым өкілетін асыра пайдалану" күдігі бойынша Марат Бекетаевтың ұсталғанын хабарлаған еді. Ол "талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген". Агенттік сол кезде күдіктінің аты-жөнін атамады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны