12.06.2024, 14:17 29061

Қарағанды облысындағы ауруханада іс жүзінде жоқ адамдарға қаржы бөлініп келген

Мемлекеттік бюджетке 7 млн теңгеден астам сома қайтарылды
Бұқар жырау ауданының прокуратурасы Бұқар жырау аудандық ауруханасының соңғы үш жылдағы қызметіне тексеру жүргізді. Осы тексеру барысында амбулаториялық-емханалық көмекке қаржыны заңсыз есептеумен байланысты өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Қарағанды облысының прокуратурасынан. Прокурорлар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен, алайда оларға азаматтардың жан басына шаққандағы кешенді стандарты бойынша қаржыландыруды есептеу жалғастырылған 87 адамды анықтады. Бұл бұзушылық бюджет қаражатын заңсыз пайдалануға жол берген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аудандық аурухана мемлекеттік бюджетке 7 млн теңгеден астам соманы қайтарды. Үш лауазымды тұлға тәртіптік, екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны