10.07.2024, 12:55 53231

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен. Тергеу барысында күдіктінің "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды. Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды. ҚМА азаматтарды құмар ойындарға - лудоманияға патологиялық тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын нүктелерін анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны