04.10.2023, 15:17 35291

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен "Sterling Invest" ЖШС басшылығына қатысты іс тергелуде

Жалпы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген
Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен "Sterling Invest" ЖШС басшылығына қатысты іс тергелуде
Сурет: depositphotos
Астана қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікпен "Sterling Invest" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізде, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.  

Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.

Инвестицияның ең төменгі сомасы - 200 000 теңге. Төлемдер келісім шарттарына сәйкес 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, "MegaSnabGroup.KZ" және "Азия Сталь Казахстан" ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысады.

Сонымен қатар, компаниялар әрбір әкелінген инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде береді.

Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға "үй қамауы" түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді.

Қазіргі уақытта 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны