29.09.2023, 12:45 27976

АШМ "Фитосанитария" РМК бас директоры сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді

7,4 млн теңгеге келтірілген залал:
АШМ "Фитосанитария" РМК бас директоры сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді
Сурет: gov.kz
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрып және басқарған лауазымды тұлға, 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "Фитосанитария" ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген.

Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны