22.09.2023, 15:14 24691

Астанада бүлдіршінді өлтірген бала күтушіге үкім шығарылды

Кінәлілер 17 және 23 жылға сотталды
Астанада бүлдіршінді өлтірген бала күтушіге үкім шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Өткен жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату нәтижесінде оның өліміне әкеп соқты.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны