05.03.2024, 20:38 38951

Астанада көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды

Астанада көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды
Сурет: polisia.kz
Астанада көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада көші-қон тәртібін бұзуға “нөлдік төзімділікті” қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетінің үйлестіруімен жергілікті рейдтер жүргізілді. Оларға көші-қон қызметінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, арнайы жасақ сарбаздары, сондай-ақ экстремизмге қарсы күрес және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тартылды.

Полицейлер шетелдіктердің заңсыз болуы мүмкін орындарда, пәтерлерде, жатақханаларда, құрылыс алаңдарында, демалыс орындарында, өндірістік аймақтарда, экополигонда, базарларда рейд жүргізді.

Жұмыс күні ішінде 119 шетелдіктің елімізде болу тәртібіне қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 58-і болу мерзімін бұзған, 61-і заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Сондай-ақ 13 шетелдіктердің елде болуы туралы уақытылы хабарламай 6 шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз заңсыз пайдаланған 19 қазақстандық анықталды. 33 шетелдік жеке басын анықтау мақсатында қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Сонымен қатар бұған қоса жедел бөлімшелер шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуінің 5 фактісін анықтады. Мәселен Африка құрлығының 2 азаматы пәтер жалдап, массаж қызметін ұйымдастырғаны белгілі болған. Осы фактіге сүйене отырып, шетелдіктерді 5 жылға шектеумен елден шығару мәселесі шешілуде.

Қалдықтарды қайта өңдеу зауытының аумағында жүргізілген рейдтер барысында жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының 37 азаматы анықталды. 24 шетелдік азамат жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату пунктіне орналастырылып, 13-не заңсыз еңбек қызметі үшін әкімшілік материалдар толтырылды.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны