18.03.2025, 17:40 1501

Астанада студенттерді грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген алаяқ сотталды

Астанада студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген бұрынғы ЖОО қызметкері сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істей отырып, ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін "шешіп" бере алатынына сендірген.

2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді.

Кінәсін мойындап, залалды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескеріліп, ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны