13.10.2023, 15:17 30521

Атырау облысында рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау фактісі анықталды

2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған
Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жылыой Болашақ" ЖШС-і рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғанын анықтады, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған.

Осы факті бойынша "Жылыой Болашақ" ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Өз кезегінде прокуратура "әрбір табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғаудың және оған рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін қатаң сақтаудың маңыздылығын, өйткені бұл адамның денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететінін" белгілейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны