07.06.2024, 12:16 26381

"Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ вице-президенті сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.

Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы шеңберінде салынған "Түркістан қаласы" Бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны