05.07.2024, 12:18 18471

Қазақстанға есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды

Қазақстанға есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды
ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан Республикасына есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

А.ж. 21 маусымында Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды.

Есірткі арнасын ұйымдастыруда түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін ұсталудағы шетелдік азамат күдіктенеді.

Сотталғанның жойылған есірткі арнасына қатыстылық фактісі Қызылорда облысы юойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны