20.02.2024, 12:05 18501

Қазақстан азаматы Шымкент кафелерінің бірінде жалған долларды сатуға тырысқан

Ол 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.

Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны