05.09.2024, 17:05 22631

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері жалған терроризм үшін 30-дан астам адам ұсталды

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері жалған терроризм үшін 30-дан астам адам ұсталды
Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері 168 қылмыстық іс қозғалып, 31 адам ұсталды, оның ішінде 12-сі кәмелетке толмаған бала. 13 адам сотталды, оның ішінде екеуі жасөспірім. Алты ата-анаға айыппұл салынды.

Әрбір жалған хабарлама тұрғындар арасында үрей тудырып, мекемелердің жұмысына кедергі келтіреді. Олар материалдық шығын әкеліп қана қоймай, шұғыл қызметтердің уақытын алады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Егер кәмелетке толмағанның жасы 14 жастан аспаса, онда бұл жағдайда оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Бұдан бөлек, сот шешімімен ата-аналар шұғыл қызметтердің шақыртуға шығып, нысандарды тексеруге кеткен шығынын өтеуге міндеттеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны