Қазақстанда жыл басынан бері алаяқтардың әрекетінен жүзден астам бала зардап шекті
Сурет: Depositphotos
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Қазақстандағы алаяқтардың әрекетінен жүзден астам бала зардап шекті.
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) төмендеуі байқалуда. Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30% -ды құрайды.
Аймақ бойынша ең көп алаяқтық: Алматы (қ) - 6742, Астана (қ) - 5358, Қарағанды облысы - 2590, Шымкент (қ) - 1921, Алматы – 1836, Ақтөбе -1334, Атырау -1319, Қостанай -1311, Павлодар -1244, Шығыс Қазақстан -1243 облыстарында тіркелген.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде: ерлер – 15603, әйелдер - 19020. Сондай-ақ⬇️ кәмелетке толмағандар - 102, мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар - 291, зейнеткерлер -1714, мүгедектер – 8.
Прокуратураның хабарлауынша, интернет-алаяқтық фактілері 1,5% - ға төмендеген. Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73% - ға төмендеді, барлығы 24 (89) факт орын алған. Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға аз.
Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факт тіркелген және барлығы Алматы облысында", деп мәлім етті мекеменің баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.