09.10.2023, 13:32 29316

БҚО прокуратурасы жолдарды жөндеуге қатысты 360 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік сатып алуды тоқтатты

Ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды
БҚО прокуратурасы жолдарды жөндеуге қатысты 360 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік сатып алуды тоқтатты
Сурет: gov.kz
СҚО прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласында талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ақжар ауданының Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары "Автомобиль жолдары туралы" Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған аталған сатып алулар жойылды, нәтижесінде 363 млн.теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді.

Басқа жағдайда, осы ауданда ауылдық округ әкімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн.теңге көлемінде төлем жүргізген.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны