16.10.2023, 15:50 16891

Батыс Қазақстан облысында ЖОО ғылыми қызметкерлері қаражат жымқырды деген күдіке ілінді

Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн. теңге бөлген
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерімен қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай баяндады.

Оның айтуынша Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн. теңге бөлген.

Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.

Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған.

Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны