18.07.2024, 11:21 18006

Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен. "Lada Largus" маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды. Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты. Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны