02.09.2024, 21:16 15591

Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы экстрадицияланды

Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны