19.09.2024, 13:26 18796
Бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұсталды
Достарға айту
Қазақстандық полицейлер бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі жастар арасындағы бопсалау фактілерін анықтап, олардың алдын алуды ерекше бақылауда ұстайды. Осы жылы полиция қызметкерлері бопсалаудың 400-ден астам дерегін тіркеді, оның 39-ы мектептер мен колледждерде жасалған.
Оқу орындарында 60 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді, онда бопсалау, буллинг және зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты мәселелер талқыланды. Мектептер мен колледждерде анонимді сауалнамалар жүргізіліп, оқушылар арасында бопсалаудың 50-ден астам ықтимал фактісі анықталды. Барлық жағдай тексерілетін болады. Мұндай фактілерді уақытылы анықтап, жолын кесу жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ықпал етеді. Жыл басынан бері бопсалаумен айналысатын 23 жастар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды.
Мәселен, қыркүйек айында Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері колледждің кәмелетке толмаған студентін ұстады. Ол 15 жастағы жасөспірімнен 50 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдікті құрықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жамбыл облысында жасөспірім жеке деректерді таратамын деп қорқыту арқылы өз қатарластарынан ақша бопсалаған.
Осындай 8 факт тіркеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Петропавл қаласында полиция қызметкерлері жастар тобының мүшелерін ұстады. Олар зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы жәбірленушілерді қарыз рәсімдеуге мәжбүрлеп, кейіннен оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Күдіктілер қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстың бұл түрі үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі үнемі бақылауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.11.2024, 17:16 18956
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Достарға айту
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қаскүнемдер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді.
Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 16:12 19521
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Достарға айту
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақтөбе қалалық прокуратурасымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру барысында 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек 500 адамның баспанаға мұқтаждар ретінде тіркелмегендігін анықтады.
Бұл фактілер мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын бұзу болып табылады, өйткені бұл тіркеу оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің бір кепілі.
Заңға сәйкес, жеке баспанасы жоқ мүгедектер кейіннен әлеуметтік баспана алуды немесе өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекеттік қолдау алуды қажет ететіндердің тізімінде болуға құқылы.
Сонымен қатар, Конституция күніне орай 39 мүгедекке 1 950 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетпеу, сондай-ақ 17 азаматқа 850 000 теңге көлемінде бір реттік төлем төлемеу фактілері анықталды.
Сондай-ақ, 1-топтағы мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасын әзірлемеу және 200 ЖОБ-сын іске асырмаудың 152 деректері анықталды.
Қазіргі уақытта мүгедектердің құқықтары қалпына келтіріліп, олар баспана есебіне алынып, барлық қажетті төлемдер өтелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 11:33 21521
Түркістан облысында жасөспірім мектепке мина қойылды деп қоңырау шалған
Достарға айту
Түркістан облысында полиция жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған кәмелетке толмаған баланы тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда Жетісай ауданы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына шұғыл түрде арнайы қызметтер шығып, оқушылар мен мектеп әкімшілігін эвакуациялады.
Тексеру кезінде хабарлама жалған болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының полицейлері жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған кәмелетке толмаған 11-сынып оқушысының жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. 14 жасқа толған адамдар бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сол себепті полиция мектеп оқушыларына қатаң ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заңмен тыйым салынады.
Сондай-ақ сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 12:35 31831
Кәмелетке толмаған баланы зорлады және өлтірді деп айыпталған адам Ресейден экстрадициялады
Достарға айту
Кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Аталған тұлға 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған.
Осыдан кейін күдікті зорлау үшін жауаптылықтан қорқып, таныстарымен бір топ адам болып әрекет етіп, кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен.
Жол бойында сыбайластардың бірі бұрын адам өлтіргені үшін сотталған тұлға бола тұра, жәбірленушінің мойнын ұстап, оны тұншықтырып өлтірген.
Адам өлтіруді жасыру үшін қаскүнемдер кәмелетке толмаған баланың денесін далаға көмген.
Кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны өлтіруді ұйымдастырған, қашып үлгерген және 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.
Өткен жылғы қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 12:29 32021
Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды
Достарға айту
Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды.
Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 15:17 40361
Алаяқтар өздерін Қаржылық мониторингі агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстыруда
Достарға айту
Қаржылық мониторингі агенттігі қаскүнемдер өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалу арқылы алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткен жайлы хабарлайды.
Алаяқтар телефон арқылы азаматардың ақшасын бөгде біреу ұрлауға тырысып жатқаны жайлы айтып, олардың шоттарындағы қаражатты сақтау үшін жалған қызметкерлердің нұсқауларын орындауды сұрайды.
Өздерінің қызметкер екенін растау мақсатында, алаяқтар жалған куәліктер және ҚМА логотиптері бар өзге де құжаттардың фотосуреттерін жібереді.
Олардың ықпалына түскен азаматтар өз жинақтарын зиянкестердің шоттарына аударады.
Сонымен қатар, Қаржылық мониторингі агенттігінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшаларды ашу фактілері де жиілеп кеткен.
Белгісіз тұлғалар азаматтарға алаяқтық жобаларға салынған қаражаттарын тез қайтаруды ұсынады.
Парақшада жеке деректеріңізді, телефон нөмірін, сондай-ақ жоғалған қаражат сомасын енгізу ұсынылады.
Содан кейін әр түрлі нөмірлерден, оның ішінде шетелдік нөмірлерден де агенттер сізге қоңырау шалып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырады және банктік шотыңыз бойынша мәліметтерді алуға тырысады.
Қаржылық мониторингі агенттігі жеке тұлғаларға телефон байланысы арқылы да, мессенджерлер арқылы да қоңырау шалмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 15:15 40636
Қарағанды облысының прокуратурасы есірткіні насихаттау фактілерін анықтады
Достарға айту
Қарағанды облысының прокуратурасы есірткіні насихаттау фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Облыс прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында өңірде есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм-каналдарды, Instagram-парақшаларын және интернет-сайттарды анықтады.
Атап айтқанда, "Telegram" және "Instagram" интернет-платформаларында жасырын бетбелгілермен айналысатын курьерлер арқылы ақша табу жолдары туралы көптеген ұсыныстар табылды.
Бұл жарнамалар көбінесе заңды табыс ретінде жасырылады, мысалы, жоғары жалақыға "қалыптаушылар" немесе "жеткізушілер" қажет деп көрсетіледі.
Нәтижесінде, "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесінің көмегімен, есірткіні жарнамалайтын және заңсыз табыс табу туралы ұсыныстар бар 250 интернет-сайт бұғатталды.
Есірткі курьерлері" немесе "есірткіні жарнамалаушылар" түріндегі күмәнды табыс үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Қылмыстық кодекстің 297-бабына сәйкес есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз өндiру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау үшiн 5 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 15:12 40836
Жамбыл облысында заңсыз мигранттармен байланысты схемалардың жолы кесілді
Достарға айту
Жамбыл облысында заңсыз мигранттармен байланысты схемалардың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Еңбек мигранттарына қатысты жағдай прокуратураның ерекше бақылауында және бұл бағытта заңнаманың сақталуына үздіксіз мониторинг жүргізілуде.
Көбіне мигранттарды тіркеу үшін уәкілетті орган қызметкерлері оларды жауапкершіліктен жалтартып әкетудің түрлі схемаларын ойлап табуда.
Тараз - қауіпсіз қала" тұжырымдамасы аясында прокурорлар Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген 25 шетелдікті анықтады, олар оқу орындарына тіркелу арқылы 1 жылға заңсыз тіркеуге қойылған.
Мысалға, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген, алайда олар бұл оқу орынның білімгері болмаған.
Аталған факті бойынша прокурорлармен ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Басқа жағдайда, 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде қабылданып, кейіннен ұзақ сабақтан қалғаны үшін оқудан шығарылды.
Жалпы мониторингпен уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған 180 шетел азаматы анықталды.
Осылайша еңбек мигранттарына кедергісіз келу және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мигранттарды заңсыз тіркеу жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.11.2024, 11:48ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді 22.11.2024, 11:55 70826Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 70471Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды22.11.2024, 13:44 67931Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды22.11.2024, 13:49 67701Дмитрий Мун Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
08.11.2024, 13:42 114801Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113046Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107241Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды07.11.2024, 17:05 100751Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 100286Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды