12.02.2024, 16:20 18991

Бюджет қаражатын ұрлағаны үшін балабақша директоры сотталды

Бюджет қаражатын ұрлағаны үшін балабақша директоры сотталды
Сурет: gov.kz
Бюджет қаражатын ұрлағаны үшін балабақша директоры сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алматы" ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеру жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған.


2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны