30.10.2024, 11:25 5426
Екі күн ішінде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі күн ішінде полиция іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады, оның ішінде: - кісі өлтіргені үшін - 9; - денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін - 4; - қарақшылық шабуылдар үшін - 5; - тонау үшін - 7; - есірткі қылмысы үшін - 19. Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.10.2024, 14:34 4726
Павлодардың әлеуметтік мекемесінде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан
Достарға айту
Павлодардың әлеуметтік мекемесінде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Павлодар облысында "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру жалғасуда, оның аясында қадағалау органы зорлық-зомбылық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің қаупі бар "тәуекел аймағындағы" балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізуде.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы" КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактілері анықталды.
Бұл денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар үнемі күтімді қажет ететін балалар.
Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша Орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ол Полиция департаментіне тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.10.2024, 11:28 4916
ҚМА Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша, сондай-ақ "Жезді өзенін санациялау" жобасы шеңберінде тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді аяқтады.
Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталды, бұл жобалаушы мәлімдеген өзеннің су көлемінің өткізу қабілетін азайтты.
Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.
Лауазымды тұлғалардың аталған қылмыстық әрекеттері ағымдағы жылдың көктемінде төтенше су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты.
Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды.
Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.10.2024, 15:41 14686
Павлодарда есірткімен заңсыз айналысқан жасөспірім ұсталды
Достарға айту
Павлодарда есірткімен заңсыз айналысқан жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамыр айында 16 жастағы бозбала заңсыз табыс табу мақсатында есірткі саудасына араласуға бел буғаны белгілі болды.
Кураторының" нұсқауы бойынша жасөспірім жасырын жерден 223 грамм синтетикалық есірткіні алып, оны кішірек пакеттерге орап, сату үшін дайындаған. Ол есірткі сатудан түскен ақшаны банктік шот арқылы қабылдауды жоспарлаған.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті өз әрекетін толығымен мойындап, бұған ақшалай қажеттілік итермелегенін айтқан. Оған қатысты есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жасөспірім қамауға алынды, деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Полиция қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға есірткі саудасына қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.10.2024, 17:39 23291
Бишімбаевқа сот үкімін жеңілдетуге уәде берген: Астана тұрғыны 10 жылға сотталды
Достарға айту
Бишімбаевқа сот үкімін жеңілдетуге уәде берген Астана тұрғыны 10 жылға сотталды. Алқабилер кесімімен азаматша алаяқтыққа оқталғаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен алаяқтық жасауға оқталды және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі (ҚК 24-бабының 3-бөлігі - 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі - 367-бабының 4-бөлігі) деп айыпталған Г.-ға қатысты үкім шығарды.
Естеріңізге сала кетсек, Г. 2024 жылдың мамыр айында Н.-ның аса ірі мөлшерде ақшасын иемдену мақсатында оның үйіне келіп, оның ұлы Б.-ға қатысты үкімді жеңілдету үшін, пара ретінде апелляциялық сатыға беру үшін оған 100 млн. теңге беру керек екенін хабарлаған.
Әрі қарай, сол күні кешке ол Н.-ға келіп, кезекті әңгіме барысында соңғысын апелляциялық сатыға пара беруге итермелеуді жалғастыра отырып, оларды лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен, бірақ оны орындау ниетінсіз оның 100 млн. теңге сомасында ақшалай қаражатын иемденеді.
Алайда, сотталушы Н.-ның ақшалай қаражатын алдау жолымен ұрлау жөніндегі әрекеттері оған тәуелсіз мән-жайлар бойынша, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қылмыстық әрекетті әшкерелеуіне байланысты соңына дейін жеткізілген жоқ.
Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, бейнежазбамен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.
ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны, ал ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сотталушының жас балаларының болуын сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстың және мүлікке қарсы қылмыстың ауырлығын, жасалған қылмыстың мән-жайын назарға ала отырып, сот алқабилердің қатысуымен осы баптар шегінде сотталушыға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Сот үкімімен алқабилер сотымен Г. ҚК 24-бабының 3-бөлігі - 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі - 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабы) 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.10.2024, 16:43 23001
Сот жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін екі сотталушының бас бостандығын шектеді
Достарға айту
Сот жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін екі сотталушының бас бостандығын шектеді, деп хабарлайды Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған екі айыпталушыға (олардың біреуі кәмелет жасына толмаған) қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2), 5) тармақтары).
Белгілі болғандай, 2024 жылдың жаз айында сотталушылар өзара сөз байласу арқылы көшеден ит жануарын ұстап алып, оны бағанаға байлаған.
Сотталушының бірі иттің үстіне жанар-жағар май құйып, өртеген, ал екіншісі ит жануарын темірмен бірнеше рет ұрып, нәтижесінде жануардың өліміне әкеп соққан.
Сотталушылардың кінәлары куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық өз дәлелін тапты.
Сотталушылар ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды.
Сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар - шын жүректен өкінуі, жастығы және бұрын сотты болмағандары, сондай-ақ жазасын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескеріле отырып, оларға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.10.2024, 12:44 24801
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды
Достарға айту
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.
Бірлескен жұмыстың барысында "50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы" деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді.
Аталған адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі "Телеграм" - арнаға сілтеме жасалады.
Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.10.2024, 16:54 57426
БҚО-ң мемлекеттік айыптаушысы "Chia TaiPharmaceutical" қаржылық пирамидасы ұйымдастырушының кінәсін дәлелдеді
Достарға айту
БҚО-ң мемлекеттік айыптаушысы "Chia TaiPharmaceutical" қаржылық пирамидасы ұйымдастырушының кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғыны "Chia Tai Pharmaceutical" қаржы пирамидасына қосылып, оның құрылымдық бөлімшесінде жетекші орынға ие болды.
Фармацевтикалық зауытқа заңды инвестиция саламыз деген жалған атаумен ол фармацевтикалық кәсіпорын қызметінен жоғары кіріс алуға уәде беріп, салымшылардан заңсыз қаражат тартқан.
Оның қылмыстық әрекетінің нәтижесінде 185 жәбірленушіге жалпы сомасы 180 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Бөрлі аудандық прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының принципті ұстанымын ескере отырып, сотталушының қаржылық пирамиданы құру және басқару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа да мүлікті заңдастыру бойынша кінәсі толық дәлелденді.
Сот мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісе отырып, сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-баптың 2-бөлігі 2-тармағы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару), 218-баптың 2-бөлігі 3-тармағында (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып,қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығымен 5 жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және қаржы ұйымының қатысушысы болу құқығынан айыра отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
180 миллион теңгеден астам келтірілген шығын жәбірленушілердің пайдасына толығымен өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.10.2024, 16:48 56831
Жалған төлқұжатпен елге кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды
Достарға айту
А.ж. 12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.
2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.
ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.10.2024, 14:55Мәжіліс "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңды мақұлдады 30.10.2024, 15:07 19721Қазақстанда 47,2 млн тонна жем дайындалды30.10.2024, 15:09 19411Ақмола облысында 7 тауарлы-сүт ферма салынып жатыр30.10.2024, 15:16 19031Қызылорда облысында уран өндіру мәселесі талқыланды30.10.2024, 15:20 19021Алматының Медеу ауданында 38 жыл бойы пайдаланылған құбыр ауыстырылды
24.10.2024, 16:52 136401Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды24.10.2024, 14:24 130421Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов24.10.2024, 13:28 117316Диқандарға су беру қызметтерінің құнын субсидиялау және су үнемдеу технологияларына инвестиция салу кезінде шығындарды өтеу жөніндегі функциялары беріледі24.10.2024, 13:03 110611Астанада LRT іске қосылуы 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған24.10.2024, 13:21 110361Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
24.10.2024, 16:52 136401Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 133271Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 130421Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 126141Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 126021Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді