12.06.2024, 20:59 37096

Елімізде асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысы жымқырылған

Қаржылық мониторинг агенттігімен асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру және заңдастыру дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерумен 2023 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып 50 млн теңге субсидия алған. Бұнымен тоқтамай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан. Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны