12.06.2024, 20:52 35871

Елордада кәсіпкерлер заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Қадағалау қызметі шеңберінде 19 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, оларды уәкілетті орган 60 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартқан, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасынан.

Мысалы, уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша тексеру жүргізбей және заң бұзушылықты өз бетінше жою құқығын бермей, кәсіпкерді 14,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша уәкілетті органның қаулылары жойылды, жоғарыда аталған кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны