03.02.2025, 18:44 2046

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды
Ақтөбе облысындағы "Жайсан" теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған.

Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны