06.09.2024, 13:36 19591

Халықаралық іздеудегі 3 тұлға сотталды

Халықаралық іздеудегі 3 тұлға сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокуратура органдарының бағыттарының бірі халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласы болып табылады.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды.

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

Telegram" қосымшасын пайдалану арқылы "мефедрон" психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.

Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген шығын 85 млн теңгеден астам.

Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны