26.09.2023, 21:53 29006

Храпуновтардан тәркіленген мүлікті талан-таражға салған экс-шенеуніктерге сот үкімі шықты

олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді
Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың "Эдельвейс" коттедждер қалашығында тәркіленген мүлкін сату кезінде алаяқтық жасады деп айыпталған әкімдік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 26 ​​қыркүйекте Медеу аудандық №2 сотында судья Залина Махарадзе Храпуновтың мүлкін талан-таражға салу ісі бойынша сотталушыларға үкім шығарды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, мынадай жаза тағайындау жөнінде шешім қабылдады:

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі атағынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру;

Ұлттық экономика экс-вице-министрі Ілияс Өсеровке - мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру;

Алматы қаласы Қаржы басқармасының бұрынғы басшысы Айнұр Құдайбергенова5f - мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру.

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Сонымен қатар сот "Эдельвейс" коттедждер қалашығындағы №36, 60, 61 үйлер мен жер телімдерін, сондай-ақ N№6 ғимараттағы 2 және 3 пәтерлерді мемлекет кірісіне айналдыру жөнінде шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны