22.02.2024, 12:57 54931

ҰҚК Мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдіктіні ұстады

ҰҚК Мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдіктіні ұстады
Сурет: telegram.org/k/#@knbgov_kz
ҰҚК Мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны