14.01.2025, 13:05 7481

Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады

Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп, 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

Ол Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша ұрлауға бағытталған алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреудің алдау жолымен оның 13,2 млн теңге қаражатын иемденіп алғанын мәлімдеген. Қылмыскер интернет-ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған.

Күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.

Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны