10.06.2024, 18:13 40021

Манғыстауда алимент бойынша борышкерлер 73 млн теңгеге өз кірістерін жасырған

Алимент бойынша борышкерлер 73 млн теңгеге өз кірістерін жасырған, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокурорлармен алимент бойынша 13 борышкермен 73,3 млн теңгеге кірістелген қаражатты жасырғаны анықталды.

Атап айтқанда, алимент бойынша борышкер "А" 2023-2024 ж.ж. букмекерлік кеңсенің өзінің жеке шотына бәс тігу үшін 45,7 млн теңге салған.

Атқарушылық құжат бойынша 2,5 млн теңге берешегі бола тұра, сырт көзге өз міндетін орындап жатқанын көрсету мақсатында борышкер "А" 85 мың теңге жалақыға жұмысқа формальді орналасқан.

Аталған факт бойынша прокуратурамен ҚР ҚК-нің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) тергеп-тексеру басталды.

Жыл басынан прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты тергеп-тексеру басталды, 13 іс бойынша сот үкімі шықты, қалғандары тергелуде.

Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы қатаң ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны