22.02.2024, 16:39 63421

Қонаев қаласында аға прокурор ұсталды

Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры Қонаев қаласында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде үш миллион теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты 2024 жылғы 22 ақпанда растады.

Біз ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттері мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаев қаласында ұсталу фактісін растаймыз.


Сондай-ақ, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды".


2024 жылдың қаңтарында Павлодар мен Шымкентте жас бопсалаушылардың ұсталғаны хабарланған болатын. Олар бопсалау, тонау, алаяқтық және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны