10.10.2023, 17:10 36966

Оралда «жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарға» қатысты заң бұзушылықтар анықталды

Бүгінгі таңда 6 тұлға мемлекеттік бюджетке 4 млн. теңгеден астам сомаға іске асырылмаған гранттар қайтарылды
Орал қаласының прокуратурасы қалалық жұмыспен қамту орталығын тексеру барысында «жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мәселен, гранттың 14 қатысушысы ақшаны мақсатты пайдалануды растау үшін бұрын союға жіберілген, туыстарына тіркелген үй жануарларын сатып алу, ұсақ малды сатып алу туралы жалған құжаттарды, тауарлық чектерді ұсынған.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған тұлғалар бизнес-жобаны іске асыру үшін гранттар алғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот тәртібімен 8 қатысушыдан 5,1 млн. теңге мөлшерінде соманы өндіріп алу туралы талаптар қанағаттандырылды, 2 тұлғамен 2,4 млн.теңгені қайтару туралы бітімгершілік келісімдер жасалды, 4 тұлғамен мемлекеттік бюджетке берілген гранттардың сомасы ерікті түрде өтелуде.

Бүгінгі таңда 6 тұлға мемлекеттік бюджетке 4 млн. теңгеден астам сомаға іске асырылмаған гранттарды қайтарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны