04.09.2023, 18:34 19236
Қостанайда қара нарықтағы жалпы құны шамамен 100 млн теңгені құрайтын есірткі тәркіленді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора - 2023" жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан екі жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметовтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында жалдамалы пәтерде облыс орталығының 21 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды.
Пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері төрт келіден астам А-PVP есірткісін тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 шағын-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.
Қара нарықта аса ірі мөлшерде алынған синтетикалық есірткі партиясының құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Бұл партияда - 15 мыңнан астам доза бар. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды.
Полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы аясында қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды.
Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
07.03.2025, 16:22 41146
Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды
Достарға айту
Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
6 наурызда өңір полицейлері Volkswagen Crafter көлігін тоқтатып, тексеру барысында оның ішінен 39 киіктің өлексесін тапты. Сонымен қатар жеке үйді тексеру кезінде тағы 84 өлексе, 14 бас және 6 тері анықталды.
Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 16:57 59846
Павлодарда қарбыздың ішіне героин мен гашиш салып тасымалдауға тырысқан қырғызстандыққа қатысты үкім шығарылды
Достарға айту
Павлодарда аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қырғыз Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қарбыз жүгінің ішінде жасырылған тыйым салынған заттарды заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылды. Тергеу нәтижесінде 59 килограммнан астам героин мен 10 килограмм гашиш тәркіленді.
Сотпен шетелдік азамат кінәлі деп танылды және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сонымен қатар, сот Қазақстан Республикасының азаматын жоғарыда аталған ауыр қылмыс туралы алдын ала біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 16:52 60056
Павлодарда пирамида қаржысын ұйымдастырушылар салымшыларды 50 млн теңгеге алдаған
Достарға айту
Павлодарда "TAKORP" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды ҚМА-нің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер "TAKORP" қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды, ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.
Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа "ОКХ" арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.
Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.
50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген.
Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.
Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.
Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты "үйқамақ" және "елден кетпеу туралы қолхат" түрінде шара қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 16:46 60266
Павлодар облысында өгей баласын ыдыс-аяқ жинамағаны үшін соққыға жыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Павлодар облысында өгей баласын ыдыс-аяқ жинамағаны үшін соққыға жыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
4 наурызда өгей әкесі кәмелетке толмаған өгей баласын үстелді жинамағаны үшін ұрғаны анықталды. Бастапқыда заңды өкіл өтініштен бас тартты.
Сондай-ақ, өтініштен бас тартқан ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 16:39 60466
БҚО-да бопсалаушылардың ісі сотқа жолданды
Достарға айту
БҚО-да бопсалаушылардың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2024 жылы жүйеге белгісіз біреулер аймақтағы колледж студенттерінен қорқытып алу арқылы ақша бопсалағаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті.
Соның салдарынан қорқытып алуға қатысы бар бір топ жастар анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа жолданды.
2024 жылы проблемалар туындаған жағдайда қосымша жаңа батырмамен (#бізбірге) толықтырылды, ол арқылы балалар күннің кез келген уақытында психологпен тікелей байланыса алады (шақыру нөмірі 1301).
Қазірдің өзінде 20-дан астам адамға көмек көрсетілді (оқу проблемалары, өмірдегі мақсаттың жоқтығы, құрдастарымен қарым-қатынас және т.б. мәселелер бойынша).
Мәселен, қараша айында бір әйел балаларын тастап, қарызына байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келгені туралы жүйеге хабарласқан.
Телефон арқылы оған дер кезінде психологиялық көмек көрсету нәтижесінде ол ондай ниетінен бас тартты.
Облыстық прокуратура заңның бұзылғаны туралы хабарлау және кез келген уақытта көмек алу үшін аталған жүйеге хабарласуға болатынын еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 11:15 60926
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды
Достарға айту
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қарағанды облысының прокуратурасы "№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 10:08 61276
Маңғыстау облысында педагогтар жалған құжаттар бойынша жұмыс істеді
Достарға айту
Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Мысалы, "Ә" есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) "Арнайы педагогика" мамандығы "логопед-дефектолог" біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте "педагог-психолог" лауазымында жұмыс жасаған.
Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.
Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2025, 10:05 61496
"Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры сотталды
Достарға айту
"Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.03.2025, 17:02Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді 06.03.2025, 17:04 95391Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді07.03.2025, 09:29 71141Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі07.03.2025, 16:07 70016Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді07.03.2025, 16:10 69796"Инвестициялық керуен" акциясы бастау алды
13.02.2025, 08:03 269691ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 260801Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207386Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 175561"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 168881Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді