11.06.2024, 17:47 33131

Қостанайда діни алауыздық туңызды және терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды

Қостанайда діни алауыздық туңызды және терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды
Қостанайда полицейлер радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адамды құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.


Ол сондай-ақ осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны