02.10.2023, 17:23 44991

Павлодар облысында жалған террорист іздестірілуде

Оқиға орнында саперлер жұмыс істеуде
Павлодар облысында жалған террорист іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қазанда сағат 14.10-да Екібастұз қаласының 102 телефонына мектеп директорынан жарылғыш құрылғы туралы хабарлама келіп түсті. "№26 ЖОББМ дәретханасына бомба қойылды" деген хабарлама директордың қалалық телефонына түскен.

Мекенжай бойынша шұғыл қызметтер дереу жіберілді, оқу орнының оқушысы мен персоналы эвакуацияланды. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеуде, ғимаратқа және оның айналасына тексеру жүргізілуде. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Осы фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс - шаралар жүргізілуде", -деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны