14.01.2025, 10:00 7286
Павлодарда жеке пансионаттағы зейнеткерлерді азаптап қайтыс болғандардың пәтерлері жалға берілген
Достарға айту
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.01.2025, 13:14 5151
Қазақстанда үш діни радикал ұсталды
Достарға айту
2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.
Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған.
Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.
Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:05 7171
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Достарға айту
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп, 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Ол Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша ұрлауға бағытталған алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреудің алдау жолымен оның 13,2 млн теңге қаражатын иемденіп алғанын мәлімдеген. Қылмыскер интернет-ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған.
Күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.
Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 09:52 7501
Қызылорда облысында полиция қызметкері ақбөкендерді атқан
Достарға айту
Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шығып, киіктерді автокөлікпен қуып, жануарлар табынына оқ атқан, деп хабарлайды Қызылорда облысы соттарының баспасөз қызметінен.
Олардың көлігін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары тоқтатқанда, көлік ішінде 30-дан астам киік еті, 5 киік басы барын анықтаған.
Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қару-жарақ пен көлікті қолдана отырып, айтарлықтай зиян келтіріп, жануарларды заңсыз аулады деп айыпталған екі адамға қатысы қылмыстық істі қарап (ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2-тармағы), олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің құжаттармен расталғанын көрсетті.
Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.
Бір сотталушының жазасын ауырлататын мән-жаулар ретінде оның ішкі істер органдары қызметкерінің антын бұза отырып, құқық бұзушылық жасағаны танылған.
Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
◾️ Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.
◾️ Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 15:05 17416
Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды
Достарға айту
Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің екі тұрғыны Ақтөбе аумағында кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген.
Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқа мерзімде сотқа жолданды.
Сотталғандардың кінәлары сотта жан-жақты және толық зерделенген дәлелдер жиынтығымен дәлелденді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 14:51 17736
Қазақстанда 2024 жылы 22 тонна есірткі тәркіленді
Достарға айту
Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылғы жұмыс нәтижесі талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиында аумақтық полиция бөліністерінің, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің және ведомстволық оқу орындарының басшылары қатысты.
Мемлекет басшысы өзінің жақында берген сұхбатында Заң мен Тәртіп қағидатын жүзеге асыру қажеттігін тағы да атап өтті. Бұл әділетті Қазақстанның негізі болып табылады. Сонымен қатар маңызды және нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда: қылмыспен күрес, бандитизмнің алдын алу, қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Бұл бағыттарды жүзеге асыру - біздің негізгі міндетіміз", - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Өткен жылы қабылданған кешенді шаралардың арқасында елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 8 мыңға азайған. Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары төмендеген.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар, заманауи цифрлық шешімдер, жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарды. Жасөспірімдермен, қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстардың саны азайды. Сонымен қатар заманауи тергеу әдістерін енгізудің арқасында барлық қылмыс санаттары бойынша ашылу көрсеткіші жақсарды.
Айта кету керек, 2024 жыл министрдің бастамасымен "Кадрлық әлеуетті арттыру жылы" деп жарияланған болатын. Бұл маңызды қадам полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге және олардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталды. Былтырғы ауқымды шаралардың бірі орта буын басшыларының кезектен тыс аттестациясы болды. Министрліктің құрылымында есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды. 12 ай ішінде 7920 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3430-ы қылмыс. Шамамен 22 тонна есірткі тәркіленді. 63 есірткі зертханасы жойылды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес - полиция жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді, оның ішінде үшеуі трансұлттық болған. Соңғы жылдары киберқылмысқа қарсы күрес ерекше маңызға ие. Бұл мәселені шешу үшін ведомствода бейінді департамент ашылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін іздестіріліп жүрген 1949 қылмыскер ұсталды.
Сондай-ақ 1361 жоғалған адамның мекенжайы анықталды. Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл тақырып автокөліктер санының өсуі, қозғалыс тығыздығының артуы және инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі жағдайында өте маңызды. Өткен жылы елімізде 30 мыңнан астам жол апаты тіркелген. Мұндағы олқылықтарды ескере отырып, тәртіп сақшыларына жол ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жол инфрақұрылымын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрескел құқық бұзушылармен кешенді жұмыс жүргізу және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін пайдалану тапсырылды.
Өткен жылды қорытындылай отырып, министр әріптестеріне профилактикалық жұмыстарды күшейтуді және осы бағытқа қоғамды жұмылдыруды, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жолын кесіп, жергілікті жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз етуді тапсырды. - Бұл нәтижеге профилактикалық жұмысты басты назарға алудың арқасында жеткенімізді атап өткім келеді. Биыл осы істі белсенді түрде жалғастыру қажет. Ең бастысы - қылмыстардың алдын алу және олардың жасалуына ықпал ететін себептерді жою. 2025 жылды "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялаймын. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеймін. Заң мен Тәртіпті нығайту мақсатында біз қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғауды қамтамасыз етеміз", - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 11:40 17966
20 млн теңгеге алаяқтық жасады деген қазақстандық Новосибирскіде ұсталды
Достарға айту
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған.
Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 16:24 37031
Маңғыстауда колледждің бас бухгалтері 243 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді
Достарға айту
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 12:40 35401
Түркістан облысында қарауылдан 2,4 мыңнан астам "Трамадол" таблеткасы тәркіленді
Достарға айту
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы трамадол дәрісін тасымалдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 трамадол таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны - 2416.
Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, дәрігер беретін рецепт бланкілерін пайдаланып, "Трамадолды" сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.01.2025, 09:50Ұлттық Банк валютаны айырбастау бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегін өзгертуге ниетті 14.01.2025, 09:58 19631Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті14.01.2025, 13:03 19371Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады14.01.2025, 13:08 19051Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылы шеңберінде оқыту бағдарламаларын әзірледі14.01.2025, 16:08 14466Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады
09.01.2025, 16:58 120246Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 1200812024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 989562024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 909362025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 90851Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152366Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146486Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146201Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145726Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135636Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті