16.10.2023, 16:04 18786

Полицейлер әуе барлауы кезінде алма бағында өсірілген қарасора плантациясын анықтады

Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жалпы салмағы 7,6 тоннаны құрады
Алматы облысындағы әуе барлауы кезінде полиция қызметкерлері Түрген ауылының маңында "үнді" қарасорасының плантациясын анықтады. Қарасора алма бағында 15 гектар жерде өсірілген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеміс ағаштарының арасында жасырылып отырғызылған есірткі өсімдігі толық суарылып, бапталған. Ведомствода түсіндірілгендей, қылмыскерлер есірткі өсімдіктерін жасыру үшін осындай амал-тәсілдерді жиі қолданады. Көбінесе олар жүгерінің, жеміс ағаштарының және басқа да дақылдардың периметрі бойынша жасырылады. Сондықтан қарасораны күз мезгілінің аяғында, яғни ағаштар жеміс беріп болып, жапырақтары түскен шақта анықтау мүмкіндігі туады. Жер учаскесінің иесі бұрын есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған жергілікті тұрғын болып шықты.

Жалпы салмағы 2,8 тонна болатын 900-ден астам үнді қарасорасының бұталары тәркіленді. Қарасораның бұл сорты 4 метрге дейін жететін ұзындығымен және 10 килограмды құрайтын бұтасының салмағымен ерекшеленді. Мұндай марихуананың бір килограмының құны қара нарықта жарты миллион теңгеге жетеді", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.


Сондықтан құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинауға, өсіруге және сатуға байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған "Қарасора" арнайы операциясы маусым айынан қазан айының соңына дейін жалғасады.

Бұған дейін қарасора плантациясы Алматы облысының Ақбайлау ауылында анықталған болатын. Бір гектар жерге 2166 қарасора бұталары отырғызылған. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жалпы салмағы 7,6 тоннаны құрады.

Қарасора" операциясы барысында ішкі істер органдары 1300-ге жуық есірткі қылмысын анықтады, оның 600-ге жуығы есірткі өткізуге қатысты. Заңсыз айналымнан 29 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 61 кг героин, 200 кг-ға жуық гашиш, 1,6 тонна көкнәр сабағы, 5 кг апиын көкнәрі, 27 тонна марихуана тәркіленді. 16 есірткі зертханасы таратылып, 71 кг "синтетика" тәркіленді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны