20.09.2023, 16:52 10921

"Самұрық-Энерго" бөлімшелерінің бірінде қомақты сомадағы активтерді ысырап ету фактісі анықталды

Желдің көмегімен электр энергиясын өндіру бойынша объектіні салуға бағытталған 15 млрд.теңгеден астам сома желге ұшқан
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының "немерелерінің" бірінде желдің көмегімен электр энергиясын өндіру бойынша объектіні салуға бағытталған 15 млрд.теңгеден астам сомаға активтерді ысырап еткені анықтады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің баспасөз қызметінен.

2020 жылы 100% үлесі "Самұрық-Энерго" АҚ-ға тиесілі "Eneymentau Wind Power" ЖШС тендер қорытындысы бойынша Ерейментау ауданында "Олимп Транс Сервис" ЖШС-мен жалпы сомасы 26,1 млрд.теңгені құрайтын қуаты 50 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) салуға шарт жасасты.

Шарт талаптарына сәйкес нысан 17 ай бұрын 2021 жылдың 4 маусымына дейін салынуы керек еді.

Алайда, 2020 жылы "Олимп Транс Сервис" ЖШС мердігері жұмыстарды бастаған жоқ, бұл ретте 10,5 млрд.теңге сомасында аванстық төлемдер толық көлемде төленді.

Мердігерге бұл мөлшердегі аванс жеткіліксіз болды, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу үшін ол авансты арттыруды талап етті.

Ereymentau Wind Power" ЖШС медиацияны пайдалана отырып, заңды негізсіз аванс сомасын тағы 5,5 млрд.теңгеге арттырды.

Бірақ бұл Мердігерге Шарт талаптарын орындауға көмектеспеді.

Бүгінгі күні 15,4 млрд. теңгеге жұмыстар орындалмады, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу жүргізілген жоқ.

Ereymentau Wind Power" ЖШС Бақылау кеңесі мен бұрынғы басшылығының "адалдығы" 15,4 млрд.теңге мөлшерінде төленген аванстың қамтамасыз етілмегендігіне және Мердігер шартты орындамаған жағдайда сақтандыру төлемін алу мүмкіндігінің жоғалуына әкелді.


Бұл ретте, қазіргі уақытта ақшаны қайтару бойынша ешқандай талап-арыз жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Бүгінгі таңда аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны