30.05.2024, 18:04 55786

ШҚО-да арнайы операция барысында бір тоннадан астам прекурсорлар алынды

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген арнайы операция барысында қылмыстық полиция қызметкерлері жалға алынған жертөледе зертханалық құрал-жабдықтар, аса ірі көлемде сатуға дайын прекурсорлар мен синтетикалық есірткіні тауып тәркіледі, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасынан.

Прокуратура мен полиция бұл жертөлені бірнеше ай аңдып, бақылаған.

Сараптамаға сәйкес 1,4 келі мефедрон, 1,6 тонна химиялық сұйықтық алынды. Сөйтіп, 100 келіге жуық синтетикалық есірткі заттарын өндіруге жол берілмеген.

Аса ірі көлемде есірткіні өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті деп танылған 41 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны