09.09.2024, 11:58 31231

ШҚО әкімдіктеріне мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін 14 млн теңгеге айыппұл салды

ШҚО прокуратура органдары төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдады.

Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісім-шарт анықталды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбағаны, тиісінше, бір көзден шарттар жасауға негіз болмағаны анықталды.

Атап айтқанда, ЖАО қарды шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған.

Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны