03.12.2024, 11:42 13286

Шығын 100 млн теңгеден астам: Жетісу облысында интернационалдық алаяқтар тобы ұсталды

Шығын 100 млн теңгеден астам: Жетісу облысында интернационалдық алаяқтар тобы ұсталды
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция интернационалдық алаяқтар тобының жолын кесті, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

4 адамнан тұратын топ, шетелдік азаматтармен бірлесе отырып, біздің облыстың жүзден астам тұрғынын алдаған, олар 100 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған.

Қылмыстық ниеттеріне қол жеткізу үшін олар әртүрлі алдау схемалары мен заманауи технологияларды, яғни қашықтан қол жеткізу қолданбаларын (AnyDesk, Kenguru, Teamviewer) және т.б. пайдаланды.

Топтың өзінің "Қолма-қол ақша шешу орталығы" бар, ол дропперлерді пайдаланып, қаражатты криптовалютаға аударып отырылған.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және қымбат нөмірлері бар 3 люкс көлік тәркіленді.

Топтың 4 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмауды, басқа тұлғаларға жеке деректерді немесе банк шотының мәліметтерін беруден бас тартуы керектігін ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны