09.10.2023, 12:30 28836

Шығыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құрды деген күдіктілерге қатысты іс қозғалды

Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған
Шығыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құрды деген күдіктілерге қатысты іс қозғалды
Сурет: Depositphotos
Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен "Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Аталған фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін "Telegram" мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған.

Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны