06.03.2024, 20:14 38926

Шымкентте әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған екі азамат құрықталды

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде
Шымкентте әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған екі азамат құрықталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың 6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қ. екі тұрғынын ұстады.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны