17.06.2024, 12:50 35346

Шымкенттегі зауытта 80 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіріліп, сатуға шығарылған

Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адмдарға сатылған
Шымкент қ. спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астамесепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен. Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адмдарға сатылған. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. "Этил спиртін сақтау және өткізу(тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы" бұйрығы). Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстықжауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны