30.05.2024, 18:02 53341

Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды

Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды
Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" РММ бастығы Р. Сайлаубекұлы, "Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің" РММ филиал бастығы Г. Абишова, сонымен қатар бас бухгалтері Ш. Зейілбекова мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұлға сотталды.

Олар жұмысқа орналасу үшін пара алғаны және бергені, сондай-ақ жалған іссапар шығындарын рәсімдеу жолымен 2 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны