22.07.2024, 14:57 18896

Ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен. Мұнайлы ауданының прокуратурасы "№3 арнайы мектеп" КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын "Kaspi bank" және "Halyk bank" мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған. Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды. Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген. Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны