11.07.2024, 17:55 50686

Түркістан облысында қаржының заңсыз жұмсалу фактілері анықталды

Түркістан облысында қаржының заңсыз жұмсалу фактілері анықталды, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Облыс әкімдігінің қаулысымен "Жасыл аймақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жасыл белдеу аймағын құру үшін орман қоры жерінен 103 га жер учаскесі тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бюджет қаржысын тиімді пайдалану заңдылығына тексеру жүргізу барысында Мекеме басшылары тарапынан табиғи түрде жабайы жүзген, жыңғыл ағаштары өсіп тұрған жер учаскесіне қандай да бір жұмыстар жүргізілмегеніне қарамастан, 3 мыңға жуық сексеуіл ағаштары отырғызылғанын, жерсінуі 56 % құрағанын және бюджеттен 24 млн астам теңге жұмсалғанын растайтын құжаттарға қол қойылғанын анықтады.

Бұдан бөлек, егуге жарамсыз және тиімсіз жер учаскелеріне орман екпелерін отырғызу, суару, трансформатор орнату, тыңайтқыштарды шашу жұмыстарын жүргізу арқылы 1 млрд аса қаржыны тиімсіз жаратқан.

Аталған фактілер бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабымен 2 қылмыстық іс тіркеп,тергеп-тексеру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментіне жолдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны