05.09.2023, 18:01 18221

Түркістан облысында "Мигрант" ЖПІШ барысында 350-ден астам құқық бұзушы анықталды

Түркістан облысында "Мигрант" ЖПІШ барысында 350-ден астам құқық бұзушы анықталды
Сурет: Polisia.kz
Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, жолын кесуге бағытталған "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс жүргізу барысында полицейлер Қазақстан Республикасына заңсыз келген адамдарды, заңсыз көші-қон фактілерін және құжаттарсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді, сондай-ақ заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға баса назар аударды.

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының аумағында жүргізілген кешенді 5 күндік рейд барысында Көші-қон заңнамасын бұзған 355 шетелдік пен Қазақстан азаматын анықтады, оның ішінде 248-і шетелдік азамат.

Мәселен, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша, яғни шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қатамасыз еткен Қазақстан Республикасының 84 азаматы мен шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 23 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ сот шешімімен 54 шетелдік елден шығарылды. Бұдан басқа "Мигрант" іс-шарасы аясында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс және ҚР ҚК-нің 392-бабымен бір қылмыстық іс қозғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны