12.07.2024, 16:40 47376

Таразда мүгедектерден заңсыз салық ұсталған

Тараз қаласының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы органдармен мүгедектігі бар 240 адамға санаторий-курорттық емдеумен және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілмегені анықталды, деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жұмыссыздық бойынша есепте мүгедектігі бар 86 адам тұрғандығына қарамастан, тек 15 жұмыс орнына квота белгіленген.

Сонымен қатар салық органдарымен мүмкіндігі шектеулі салық төлемдерінен босатылған 175 азаматтан жалпы сомасы 889 мың теңге құрайтын мүліктік салықтар негізсіз ұсталған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың инфрақұрылым және көлік объектілеріне қол жеткізуіне байланысты бірқатар басқа да кемшіліктер анықталған.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді, арнайы құралдарды жеткізетін мердігерлерді анықтау бойынша конкурс ұйымдастырылып, сондай-ақ заңсыз ұсталған төлемдер қайтарылуда.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны