07.03.2024, 19:44 56671

Темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі анықталды

Темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік кірістеп комитетінің баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 7 наурызда сағат 14-15 шамасында "Қорғас ШЫХО" кеден бекетінде ҚР Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, ҚХР-дан ҚР-ға келетін ҚР азаматының басқаруымен FAW маркалы автокөлік құралы ұсталды. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кабинаның және шассидің арасынан жасырылған "MILANO" маркалы 20 блок (200 пакет немесе 2000 темекі) темекі бұйымдары табылды. Тауарлар мен көлік құралы уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.

Азаматтың іс-әрекеті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 549-бабын бұзумен, яғни тауар мен көлік құралын тәркілеуді көздейтін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылаудан жасырумен сараланады.

2017 жылғы 20 желтоқсандағы "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" ЕЭК № 107 шешіміне сәйкес жеке тұлғаларға ЕАЭО кедендік аумағына кедендік төлем төлемей, 200-ден аспайтын темекі әкелуге рұқсат етілген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны